ТҮРКІСТАН: Заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары басталды

0
263

Мәселе бірнеше рет көтерілген болатын.


ТҮРКІСТАН: Заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары басталды

Сауран ауданында заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қоршаған ортаны қорғау, заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары тікелей Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Бұған дейін облыс әкімінің, аудан әкімінің халықпен кездесулерінде жергілікті тұрғындар тарапынан ауыл округін қоқыстан тазарту мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын.


Осы орайда, Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округі аумағында орналасқан 50 гектарға жуық заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары басталды. Ауданның тазалық жұмыстарына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан әкімідігінің қызметкерлері және ауыл белсенділері де атсалысуда.


Сонымен қатар 5 техника жұмылдырылған. Тазалық жұмыстары желтоқсан айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасады. Бұдан бөлек, құқық қорғау саласының мамандары тарапынан рейдтік шаралар жүргізіліп, айыппұлдар салынды. Қоршаған ортаны қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасын табады.