Түркістан және Ван қалалары арасында меморандум түзілді

0
690

Екіжақты келіссөз нәтижесінде қос тарап кәсіпкерлердің семинарларға, курстарға немесе тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.


Түркістан және Ван қалалары арасында меморандум түзілді

Түркістан мен Ван қалалары арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша меморандум түзілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркия Республикасы Ван қаласының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Недждет Таква және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар кәсіпкерлік саласында тығыз байланыс орнатып, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға күш салуға келісім жасасты.


Алдағы уақытта екі ел компанияларының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда тікелей байланыс орнатуға жағдай жасау көзделіп отыр. «Turkistan» индустриалды аймағындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысымен танысқан делегация өкілдері инвестор ретінде жаңа жобаларды қолға алуға ниетті.


Жоспарға сәйкес «Экобазарға» арнайы барған түркиялық меймандар кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Самат Көшкінбаймен жүздесті. Кездесуде Самат Жандарұлы құрылғанына 5 жыл толған облыстың экономикалық даму бағыты туралы атап өтті.


Түркістан өңіріндегі кәсіпкерліктің даму перспективасын жоғары бағалаған қонақтар кәсіпкерлердің тәжірибе алмасуы бағытында да байланыс орнатуға дайын. Екіжақты келіссөз нәтижесінде қос тарап кәсіпкерлердің семинарларға, курстарға немесе тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.