ТҮРКІСТАН: Жас сарбаздар әскери ойындарға аттанды

0
824

43 команданың құрамындағы 700-ге жуық оқушы бақ сынайды.


ТҮРКІСТАН: Жас сарбаздар әскери ойындарға аттанды

Түркістан өңірінің жас патриоттары әскери ойындарға аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының жас сарбаздарынан құрылған «Арыс» командасы мен Шымкент қаласының «Арыстан» Қарағандыдағы «Спасск» оқу орталығының базасында өтетін «Айбын-2023» халықаралық әскери–патриоттық жастар жиынына аттанды.


«Арыстан» және «Арыс» командалары қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілерінен құралған. Әр оқушы өз мектебіндегі белсендірлердің бірі. «Айбын» халықаралық жиынына қатысу олар үшін жаңа тәжірибе алып, өз әлеуетін көрсететін мүмкіндік болмақ.


Жөнелту алдында командалардың барлық өкілдері екі айлық алғашқы әскери дайындықтан өткен. Оның ішінде пневматикалық мылтықтан ату, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, арқан тарту, кермеде тартылу және әскерилендірілген эстафетадан өту сынды дайындықтар бар.


Түркістан облысының «Арыс» командасын сүйемелдейтін облыстық қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев сапардың егжей-тегжейін айтып берді.


«Менімен бірге 15 бала барады. Бұл жыл сайынғы іс-шара және келесі аптада балалар нағыз «әскери өмір» көріп, мол әсер алады. Күндізгі уақытта өтетін көптеген сайыстардан кейін, кешке ұйымдастырылатын мәдени-бұқаралық іс–шаралар балалардың шаршауын басып, жаңа дем беруі керек», - деп атап өтті подполковник Жандос Күлдербаев.


Қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев атап өткендей, мұндай жиынға қатысу жастарға өздерін сынауға, қиын жағдайларда дүрыс шешім қабылдап үйренуге, олардың дене дайындық деңгейін арттыруға және рухани бөлігін нығайтуға көмектеседі.


«Жастар жинынан кейін біздің ұлдарымыз тәуелсіз, жауапты және болашақта Отанын қорғауға дайын азамат болып оралатынадарына сенемін», - дейді полковник Әбдіғабит Шегебаев.


Айта кетсек, «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны дәстүрлі түрде әр жазда Қарағанды облысында өткізіледі. Биыл 5 күндік жиында 43 команданың құрамындағы 700-ге жуық оқушы бақ сынайды.