ТҮРКІСТАН: Жас жайдарманшылар арасында сайыс өтті

0
1 030

Аталған сайыста 11 команда бақ сынады.


ТҮРКІСТАН: Жас жайдарманшылар арасында сайыс өтті

Түркістан облысында мектепаралық «Жайдарман» ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «1 желтоқсан – Тұңғыш президент» күніне орай мектепаралық «Жайдарман» ойыны өтті. «Еңселі елдің, халқы сүйген – Елбасы» тақырыбында өткен сайыста 11 команда бақ сынады.


Жас жайдарманшылардың өнерін бағалауға «Шаншар» театрының бұрынғы актері, белгілі әзілкеш және Түркістан Оқушылар сарайы «Сатира» үйірмесінің жетекшісі Мақсат Абдықадыр,“Turkistan” телеарнасының жүргізушісі, жайдарманшы Нұрсұлтан Нұрзілдә мен блогер, жастар жанашыры Азизхан Юсупов келді.


Сайыс барысында сөз алған Түркістан Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы жас өнерпаздарға жылы лебізін білдірді.

«Бүгінгі «Жайдарман» ойындарын өткізу арқылы балалардың шығармашылыққа, өнерге деген қабілеттерін арттырғымыз келеді. Сондай-ақ Оқушылар сарайында «Жайдарман академиясы» жұмыс істеуде және аз уақыт ішінде үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. Бүгін өнер көрсеткен балалар біздің ғана емес, облысымыздың, республикамыздың мақтанышына айналады деген сенімдемін», - деді ол.


Кеш соңында барлық қатысқан командаға алғыс хаттар мен номинациялар табысталды. Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімі бойынша "Молда Мұса» командасы жүлделі III орын, жетісайлық «ТалантSTAR» командасы II орын және Түркістан Оқушылар сарайының командасы I орынға ие болды.