ТҮРКІСТАН: Жетісайда 100-ден аса көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

0
1 014

77 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 100-ден аса көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл Жетісай ауданында 100-ден аса көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Жетісай ауданында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор мен облыстық, аудандық бюджеттің есебінен 1 млрд 983,5 млн теңге қаржы қаралған. Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес, аудандағы ішкі жолдарға төселіп жатқан жолдардың сапасы басты назарға алынған.


Аталған қаржы есебінен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сейфуллин, Сұлубұлақ елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жергілікті бюджет және субвенция есебінен жалпы ұзындығы 26,5 шақырымдық құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


Одан бөлек, жалпы ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге жөндеу және тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қоғамдық көлікті субсидиялау үшін автомобиль жолдарын күтіп ұстау, бағдаршам мен бейнебақылау камераларын орнатуға ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына қаржы қаралған.


Айта кетсек, өткен жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қордан, облыстық және жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.