ТҮРКІСТАН: Жетісайда жәрмеңке өтті

0
447

Базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға сатты.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жәрмеңке өтті

Жетісай қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай қаласының орталық алаңында ауданның тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. Аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен өткізілген жәрмеңкеге ауданның барлық округтерінен 30-ға жуық тауар өндіруші ұсынған 20 тоннаға тарта ауыл шаруашылығы өнімдерінің 16 тоннасы базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға сатты.


Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз және де сүт өнімдері мен бал өнімдері сынды тұтынушылардың негізгі қажеттіліктері жеткізілген.


Бұған дейін де аудан әкімдігінің қолдауымен Жетісай қаласында өткен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкелерінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға бірнеше рет көмек ретінде азық-түліктер мен киім-кешектер үлестірілген болатын.


Аудан басшысы алдағы уақытта әр аптада осындай жеңілдетілген бағада тұрғындарға арналған жәрмеңке өткізуді тиісті сала басшыларына тапсырды.