ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы орталық саябақ қайта жөндеуден өткізіліп жатыр

0
501

Құны 1 млрд. теңге болатын дене шынықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы орталық саябақ қайта жөндеуден өткізіліп жатыр

Жетісайдағы орталық саябақ жаңа кейіпке енеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес, Жетісай қаласындағы орталық саябақтың қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Орталық саябақ ішінен жалпы құны 1 млрд. теңге болатын дене шынықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы жұмысы басталған қос қабатты нысан биылғы жылдың соңында ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланып отыр. 2022 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 200 млн. теңгені толық игерген мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС мердігер құрылыс сызбасына өзгерістер енгізген.


Жаңарған жоба іске қосылған соң жалпы ауданы 17,14 га болатын орталық саябақта қала тұрғындарына арналған арнайы демалыс орындары, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық сауықтыру кешендері, түрлі ойын атракциондары, үлкендер мен бүлдіршіндерге арналған бассейндер, биіктігі 5 метрге дейін жететін субұрқақтары мен сауда дүңгіршектері іске қосылып, кіреберіс қақпасы жаңартылатын болады.