ТҮРКІСТАН: Жетісайдың өнімдері Азия мен Еуропаға эспортталады

0
503

Кооператив жүзім, алма, шабдалы, қара өрік пен шиенің бірнеше түрін еккен.


ТҮРКІСТАН: Жетісайдың өнімдері Азия мен Еуропаға эспортталады

Жетісайдың бақша өнімдері Азия мен Еуропаға эспортталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов 2011 жылдан бері ауданда бау-бақша өнімдерін өндіруші ірі кооператив «Арсенал Сад» ЖШС-ның жұмысымен танысты.


Алғашында 380 гектар егістікке тұқым сеуіп, көшет отырғызған қожалықтың иелігінде бүгінде 1000 гектардан астам суармалы жері бар.


Кооператив жүзім, алма, шабдалы, қара өрік пен шиенің бірнеше түрін егіп, өнімін Ресейге, сондай-ақ Азия мен Еуропаның бірнеше елдеріне экспорттайды. Серіктестікте 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылса, науқан кезінде 500-ге тарта жергілікті тұрғын жұмысқа тартылады.


«Арсенал сад» өндірістік кооперативінің бау-бақшасында жас көшеттер дайындалатын арнайы тәлімбақ та бар. Онда алманың, алмұрттың, алшаның, қара өріктің бірнеше сорттары мен сәндік ағаштардың көшеттері өсіріледі. Оларға сұраныс та жоғары.