ТҮРКІСТАН: Жетісайлық қария бөтелкеден комбайн бөлшегін дайындайды

0
603

Кәсіпкер әрбір щетканы 2 мың теңгеге саудалайды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық қария бөтелкеден комбайн бөлшегін дайындайды

Жетісайлық тұрғын пластикалық бөтелкеден мақта теретін комбайндарға аса қажетті шпиндельді щетка мен қалыңдығы 1 мм-лік жіп дайындайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


БАҚ өкілдері бүгін баспасөз турымен Жетісай ауданы Жылысу ауылдық округінде болды. Онда ауыл тұрғыны Қозыбай Ашеков пластикалық бөтелкеден мақта теретін комбайндарға аса қажетті шпиндельді щетка мен қалыңдығы 1 мм-лік жіп дайындайды.


Кәсіпкер әрбір щетканы 2 мың теңгеге саудалайды. Жылына орта есеппен 5 мың щетка сатып, 10 млн теңге табыс табады. Бұған дейін аталмыш щетканы көршілес Өзбекстан елінен тапсырыспен алып келген комбайн жүргізушілері ауыл азаматының қолынан шыққан өнімнің сапасының жоғары, бағасының арзан екендігін айтады. Кәсіпкер алдағы уақытта өнім түрі мен көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.