ТҮРКІСТАН: Жүк көлігі көпірден құлап, бір адам көз жұмды

0
467

Оқиға орнынан ер адамның күйген денесі табылды.


ТҮРКІСТАН: Жүк көлігі көпірден құлап, бір адам көз жұмды

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Ақсу ауылының маңындағы көпірден жүк көлігі құлап, өртеніп кеткен. Жол апатының салдарынан бір адам көз жұмды.


Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға 13 шілде күні сағат 18.00 шамасында Алматы-Термез тас жолының 657-інші шақырымында орын алған. Volvo жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көпірдің қоршауын бұзып өтіп, жерге құлаған жүк көлігі аударылып, толықтай өртеніп кеткен. Апаттық жағдайдан көлік жүргізушісі қашып үлгергенімен, оның серіктесі жалын арасынан шыға алмай қалған. Оқиға орнынан ер адамның күйген денесі табылды. Екеуі де Қырғызстан азаматтары екен.


Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жаңбырдың салдарынан көлікті дұрыс басқара алмай қалған.