Түркістанда 60-тан астам шетел азаматы жауапкершілікке тартылды

0
330

Жедел профилактикалық шара барысында бірқатар заңсыздық анықталды.


Түркістанда 60-тан астам шетел азаматы жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында «МИГРАНТ» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заңсыз көші-қонның жолын кесу мақсатында «МИГРАНТ» жедел профилактикалық іс-шарасы Түркістан қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесе отырып өткізілуде. 7- 16 маусым аралығында өтетін шараның мақсаты - облыс аумағындағы шетелдіктерді құқықтық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келіп, осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушылықтарды анықтау.


Аталған шара барысында Түркістан қаласы аумағында заңсыз жүрген 65 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 24 азаматына әкімшілік хаттама толтырылды. Және 4 шетел азаматы Қазақстан Республика аумағынан шығарылды. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тағы 10 азаматтың 2-сі шетелден заңсыз жұмыс күшін тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі.


Бұдан бөлек, қылмыстық ахуалды оңалту және құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін ұйымдастырылған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы 9-16 маусым аралығында өтіп жатыр. Іс-шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасының 56 қызметкері мен күш құралдары жұмылдырылған. Шара басталғалы ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен 13 құқық бұзушылық анықталып, Түркістан ҚПБ-ның тізімдік және профилактикалық есебінде тұрған 228 тұлға тексерілді. Оның ішінде қорғау нұсқамасы шығарылған 47 азамат, сотпен ерекше талапқа қойылған 25 тұлға, жайсыз отбасы есебінде тұрған 20 тұлға тексерілген.