Түркістанда 9 және 7 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады

0
437

Қазіргі таңда тұрғын үйлердің монолит бетон құю, қабырғаларын қалау, терезе орнату, электр, су, кәріз жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.


Түркістанда 9 және 7 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады

Биыл Түркістанда 9 және 7 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Түркістан қаласындағы үйлердің құрылыс алаңын аралап көрді.


Алдымен әкім әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан 9 қабатты 7 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Үйдің санынан сапасы маңызды деген өңір басшысы мердігерге өз жұмысына мұқият болуды тапсырды. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің монолит бетон құю, қабырғаларын қалау, терезе орнату, электр, су, кәріз жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.


Нысан басында 360 жұмысшы, 16 техника жұмыс атқаруда. Тұрғын үйлердің инфрақұрылымының жобасы әзірленіп, сараптамасы алынған.


Қаржыландыруға республикалық бюджетті нақтылауға 700 млн теңге ұсынылды. Жалпы жобалар құны 4,4 млрд теңге.


Тұрғын үй құрылысы биыл желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Пәтерлердің жалпы ауданы 70 мың шаршы метрге жуық. Пәтер саны 1062, оның ішінде 2 бөлмелі 536 пәтер және 3 бөлмелі 472 пәтер бар.


Облыс басшысы сондай-ақ 5 қабатты 20 тұрғын үй кешеніне барып, құрылысты аралап көрді. Мердігерлермен жүздесіп, жеке-жеке тапсырма берді. «Отырар» шағынауданында көппәтерлі кешенде бірнеше мердігер мекеме бар.


Ауқымды жобаның жалпы құны – 16,14 млрд теңге. 11,4 га жер көлемі бар кешендегі жалпы пәтер саны – 800. Қазіргі таңда құрылыстың 35 % аяқталған. Биыл маусым айында құрылысты аяқтау жоспарланған.