Түркістанда әлімжеттік жасаған баланың анасы кешірім сұрады (видео)

0
2 181

Түркістан қаласының оқушылары әлімжеттік көрсеткен видео бүкіл елді шулатқан болатын.


Түркістанда әлімжеттік жасаған баланың анасы кешірім сұрады (видео)

ERNUR.KZ. Түркістанда оқушыны аяусыз тепкілеген жасөспірімнің анасы бүкіл ата-анадан кешірім сұрады.

«Мен бүкіл ата-аналардан кешірім сұраймын. Мойындаймын баламмен болған жайды. Кешіріңіздерші мені, балам үшін», - деді оқушылар төбелесіне қатысқан жасөспірімдердің бірінің анасы көз жасын тыя алмай.


Еске салсақ, 21 қаңтар күні әлеуметтік желіде Түркістан қаласындағы мектеп оқушылары «разборкасының» видеосы тараған болатын. Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысы бар жеткіншектер анықталып, қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекованың айтуынша, оқиға 18 қаңтар күні сабақтан тыс уақытта «Бекзат» мөлтекауданында орын алған.

дереккөз: elitar.kz