"Аяғымды жала!" - желідегі жасөспірімдердің әлімжеттігі елді шошытты

0
4 450

"Аяғымды жала, қазір ... жалатамын" дейді былапыт сөз айтқанның бірі.


Әлеуметтік желіде бір топ жасөспірім балалар өздерінің 2-3 замандасын ұстап алып, ұрып, қорлап жатқан видеосы жарық көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтқанда, фейсбук қолданушысы (М.Сарбалаева), өзінің парақшасына шамамен 5-6 жасөспірім балалардың өздерімен қатар 2-3 баланы ұрыс-соғып жатқан 2 видеоны жариялады.

Видеолардың бірінде бұзақылар жәбірленушілерді тілдеріне темекі баспақ болып, аяқкиімдерін жалатпақ ниеттерін танытып, әбден масқаралайды. Артынан ұрып, теуіп құлатып, үстерінен секіреді. Таяқ жеп жерде жатқанның бірі күшті соққыдан қабырғасын ұстап, дөңбекшіп аунап түседі.

Екінші видеода да соған ұқсас көрініс. Тек кейіпкерлер басқа секілді. Ауыздары былапыт сөздер тоқтаусыз шығып жатқан жасөспірімдер жәбірленушілерге бұйыра сөйлеп тұр. Ал, әлгілер қолдарымен қорғанып көптің бұйрығын орындағаннан басқа амалдары болмай отыр.

- Ағайын тыныш, тыныш! Қай жылғысыңдар?

- 2003.

- Даусыңды шығар!...

- Қай жақтыкісіңдер?

- Ремзавод.

- Ремзавод па? Ремзавод лох де. Қатты айт.

- Үшеуің тізерлеп тұрып бірге айтыңдар!

- 2003 лох де!

- Аяғымды жала, қазір ана жерімді жалатамын. Қазір балдарың келеді. Сосын кетесіңдер обшем... - деген күш көрсету арқылы бұйыра сөйлегендері анық естіледі.

Осы кезде бұзақылардың бірі «тоқта, мен анадай белгі қойып берейін» деп, қалтасынан пышақ алып шығады. Алайда, жанындағылар оны сабырға шақырды.

Сондай-ақ, видеода «Жолдың асты, 2003 жеңді», «Жолдың асты, 2003 күшті жүреді» деген сөздер бар.

Көпшілік бұл жағдайдың Түркістан қаласында орын алғанын жазуда. Желі қолданушылары "Ремзавод" және "Жолдың асты" шағын аудандары Түркістан қаласында орналасқанын алға тартады.