Түркістанда әуесқой футбол лигасының кезекті маусымы мәресіне жетті

0
856

Түркістан қаласы бойынша өткен жарыста 94 команда бақ сынады.


Түркістанда әуесқой футбол лигасының кезекті маусымы мәресіне жетті

Түркістанда әуесқой футбол лигасының чемпионы мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда кіші футболдан өткен әуесқой лига ойындарының жеңімпаздары марапатталды. Түркістан қаласы бойынша өткен жарыста 94 команда бақ сынады. Дода 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында өтті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков қатысып, ізгі тілегін арнады.


«Өткен жылды спорт саласы бойынша қаламыз жарқын жетістіктермен аяқтаған болатын. Бүгінде қаламызда 260-тан аса спорт нысаны тұрғындар игілігіне жарап тұр. Бұл нысандардың қатарын көбейтіп, әуесқой спортсүйер тұрғындар мен спорт саласына қолдау жалғасып, ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда», – деді қала әкімі өз сөзінде.


2023 жылдың әуесқой футбол лигасының күз - қыс маусымында суперлига бәсекесінде бірінші орынды «FC Allo.Pizza.kz» командасы еншілесе, «Яссы город» пен «Joldyn asty» командалары екінші және үшінші орындарды бөлісті. 35+ лигасында бірінші орынды «LFK Naqyp Altyi» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Түркістан MARKA.KZ» командасы еншілесе, «Жамағат» командасы үшінші орынға ие болды.