Түркістанда “GLOVO” қызметі іске қосылады

0
1 019

Келіссөз жүріп жатыр.


Түркістанда “GLOVO” қызметі іске қосылады

Түркістан облысының әкімдігі “GLOVO”-мен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасы “GLOVO”-мен бірлесе аталған қосымшаны Түркістан қаласында жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Жоба жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр.


Қазіргі уақытта қосымша еліміздегі он екі қалада қарқынды жұмыс істеп тұр. Олар: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Қостанай, Өскемен, Тараз, Қызылорда қалалары.


Әлем бойынша “GLOVO” ең алғаш рет 2015 жылы Барселонада құрылған болатын. Испандық стартап әлемге қанатын жайып үлгерді.


Бұл – мобильді қосымша арқылы тапсырыс берілген өнімді арнайы термосөмкеге салып алып жеткізетін курьер қызметі.