Түркістанда кадрлық өзгерістер орын алды

0
1 179

Екі басшы тағайындалды.


Түркістанда кадрлық өзгерістер орын алды

Апталық мәжілісте Түркістан қаласы әкімдігінде орын алған кадрлық өзгерістер жайлы айтылып, жаңа қызметкерлер таныстырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы құрылыс бөлімі басшысы болып Жандос Тасов, мәдениет бөлімінің басшысы болып Ғани Аманқұлов тағайындалды.

Тасов Жандос Қалмырзаұлы – 1987 жылы 22 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. Халықаралық Білім Беру корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академия» Кампусында және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жоғары білім алған. Мамандығы бойынша Сәулет, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика және бизнес бакалавры.

Бұған дейін:

- «Градкомплекс» ЖШС-нің архитекторы;

- Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы;

- Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушы;

- Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;

- Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қала құрылыстық жобалар және сәулеттік жоспарлау секторының меңгерушісі;

- Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Ал Аманқұлов Ғани Ермаханбекұлы – 1987 жылы 21 мамырда қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік Университетінде жоғары білім алған. Мамандығы бойынша экономист.

Бұған дейін:

- ОҚО апаттар медицинасы орталығы, Бухгалтер-экономист;

- ОҚО ішкі саясат басқармасы, Бас маман-бас ревизордың арнайы тексеру қорытындысы келгенше міндетін атқарушы;

- ОҚО ішкі саясат басқармасы, Бас маман-бас ревизор (негізгі маманның бала күтімі демалысы уақытына);

- ОҚО ішкі саясат басқармасы, Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы;

- ОҚО ішкі саясат басқармасы, Бас маман-бас ревизор;

- Шымкент қаласының әкімдігінің құрылыс бөлімі, Бас маман;

- ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, Статист маман;

- ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшының орынбасары;

- ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшының міндетін уақытша атқарушы;

- ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшының орынбасары.

- «Нұр-Төре» ЖШС, Экономист;

- Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қалалық мәдениет үйі» МКҚК, Кадр жөніндегі инспекторы;

- Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК, Директор орынбасары;

- Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК, Директор міндеттін уақытша атқарушы қызметтерін атқарған.

Апталықты төрағалық еткен Рашид Аюпов:"Халыққа берген әр уәдемізді дер кезінде орындауымыз - міндет. Қажетті деңгейде өз міндетін орындай алмағандар қызметтен босатылады. Осыған орай, алдымызда қосымша кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін", - дей келе, сөзін қорытындылады.