Түркістанда мемқызметшілер арасында турнир басталды

0
1 527

​Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілер салауатты өмір салтын дәріптейді.


Түркістанда мемқызметшілер арасында турнир басталды

1 желтоқсан - Тұңғыш Президенті күні мен 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Түркістан қаласында 2018 жылдың 29 қарашасында облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салауатты өмір салтын дәріптеу әрі мереке күніне орай ұйымдастырылған Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өткен жарыстың ресми ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ. Тұрсынбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге облыстағы жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменттерінен құралған 40-қа жуық команданың 300-ден астам қызметшілері қатысқалы отыр.

Аталмыш жарыстың ақтық ойыны осы жылдың 30 қарашасында өтеді.