Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтіп жатыр

0
481

Парламентаралық қатынастарды кеңейтудің басым бағыттары мен біртұтас рухани-мәдени кеңістікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылауда.


Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтіп жатыр

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентшілері екі жақты кездесулер өткізіп, әр түрлі саладағы бірнеше маңызды мәселені талқылауда. Атап айтқанда, бұл форумда өңірлік қауіпсіздік, трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану, экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты аймақтағы өзекті мәселелер сөз болды.


Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың артуы - Қазақстан үшін өңіраралық қарым-қатынастардың дамуына оң ықпалын тигізбек. Жалпы бүгінгі форум – Орталық Азия өңірін дамытудың стратегиялық бағыттарын парламентарийлер арасында талқылауға арналған тұрақты алаң саналып отыр. Өңірлік қауіпсіздік мәселелері, бірлескен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды іске асыру, өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін іске асыру, Орталық Азия елдері тартылған тауарларды жеткізудің баламалы маршруттарын құру мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал етпек.