Түркістанда табиғат қорғау көрме-акциясы өткізілді

0
515

Алдағы уақытта табиғат қорғашылар іс-шараларды су айдындарын тазалау, тораңғы ағашын, қызғалдақ гүлін, жабайы аңдарды қорғау форматында жалғастырады.


Түркістанда табиғат қорғау көрме-акциясы өткізілді

Түркістанда табиғат қорғау көрме-акциясы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркі әлемінің астанасы – Түркістанда қыздалдақтарға арналған фотокөрме биыл екінші рет өткізіліп отыр. Көрменің мақсаты туған жер табиғатына ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық мәдениетті дамыту және құқықбұзушылықтың алдын-алу болып саналады. Осы іс-шарамен Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі «Парктер шеруі-2023» екі айлық экологиялық акциясын жалғастырып отыр. Табиғат қорғау акцияның тұсаукесері Құсшы ата елді мекенінде мектеп оқушылары қатысуымен өткізілген. Алдағы уақытта табиғат қорғашылар іс-шараларды су айдындарын тазалау, тораңғы ағашын, қызғалдақ гүлін, жабайы аңдарды қорғау форматында жалғастырады.


Облыс орталығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өсімдіктері мен мекен ететін жануарлар дүниесінің өкілдері мен табиғи объектілер түсірілген 50-ден астам фотосуреттермен танысты. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы «Этноаулда» қойылған көрмемен танысуға қала қонақтары, мектеп оқушылары, жергілікті тұрғындар жиналды. Келушілерге Қызыл Кітапқа енген сирек және жойлып бара жатқан өсімдіктер мен жан-жануарларды қорғау туралы буклеттер мен насихат парақшалары таратылды.


«Соңғы жылдары азаматтар қызғалдақтарды құшақ-құшақ етіп жұлуына байланысты лалагүлдерге жойылып кету қауіпі төніп отыр. Елді-мекендердің өсуі, жер жырту жұмыстары мен жайылымдардың үлкеюі де кері әсерін тигізіп келеді», - деп мәлімдеді туризм бөлімінің меңгерушісі Айгерім Тажиева. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында қызғалдақтың 34-тен астам түрі өссе, оның 18 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген.


Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339 бабына сәйкес үш мың АЕК (10 350 000 теңге) айыппұл немесе қоғамдық, түзету жұмыстарына тарту, тіпті 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.