Түркістанда «Тау ұлымын – тау менің дәу бесігім» атты әдеби-сазды кеш өтті

0
218

Біртуар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы танымдық бейнефильм көрсетілді.


Түркістанда «Тау ұлымын – тау менің дәу бесігім» атты әдеби-сазды кеш өтті

Түркістанда ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Тау ұлымын – тау менің дәу бесігім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби мазмұнды кеш барысында арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылып, біртуар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы танымдық бейнефильм көрсетілді.


Іс-шараға «Арманда. Кемелден. Асқақта» балалар шығармашылығы орталығының оқушылары, қалалық Әйтеке би және Некрасов атындағы мектептің оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Кеш соңында талантты жастарға кітапхана директорының атынан алғыс хат табысталды.