Түркістанда теннистен ел чемпионаты басталды

0
560

Қазақстанның 13 өңірінен келген спортшылар бақ сынауда.


Түркістанда теннистен ел чемпионаты басталды

Түркістан қаласындағы Теннис орталығында ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы Теннис орталығында өтіп жатқан спорттық шарада Қазақстанның 13 өңірінен келген спортшылар бақ сынауда. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Орал, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қарағанды, Түркістан облысының атынан 14 команда қатысуда.


Чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев және спорт жанашырлары қатысты. Басшылар спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, сайыста сәттілік тіледі.


Спортшылардың жас аралығы 6 жастан 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қамтиды. Олар қызыл, қызғылт сары және жасыл доп түрлерінен бәсекеге түсуде. Спорттық сайыс 8 сәуірге дейін жалғасып, жеңімпаздар анықталады.


Айта кетейік, қатысушыларға қала әкімінің атынан жарысқа қатысқаны үшін жәнк ынталандыру мақсатында естелік кәдесыйлары үлестірілді.