Түркістанда тұрғын үйлердің қасбеті мәрмәрмен қапталады

0
755

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталуда.


Түркістанда тұрғын үйлердің қасбеті мәрмәрмен қапталады

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын аралап, құрылысшылармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталуда. Олардың сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы, мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын жылдамдатуды жүктеді. Облыс әкімі құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды.

"Жұмыс көлемі өте ауқымды, оны жақсы түсінемін. Бірақ қазір кідіретін кез емес. Терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды. Біздің тарыпымыздан қандай да бір көмек керек болса, тікелей айтыңыздар",-деді өңір басшысы.

шука1.jpg



Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9 және 12 қабатты 5600 пәтер, не 89 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қортындысымен 7 қабатты 24 тұрғын, яғни, 1452 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарланған. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға 450 пәтер берілсе, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам кредиттік тұрғын үй тапсырылмақ.