​Түркістанда «TÚRKISTAN MEDIA» Халықаралық орталығы мен интеллектуалды клубы ашылды

0
1 980

Облыс әкімі тарихи сәтке толы күнде аталған орталықтың жұмысына сәттіліктілеп,ақпараттық орталық арқылы түркі әлемінің байланысы беки түсетінін тілге тиек етті.


​Түркістанда «TÚRKISTAN MEDIA» Халықаралық орталығы мен интеллектуалды клубы ашылды

Түркістан қаласында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Түркия, Әзірбайжан, Татарстан және Қырғызстан мемлекеттерінің ақпарат құралдарының жетекшілері және өкілдерімен бірге«TÚRKISTAN MEDIA» Халықаралық орталығы мен «TÚRKISTAN» интеллектуалды клубының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Медиа орталықта Түркістан облысыныңӨңірлік коммунициялар қызметі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің студенттерінен құралған ерікті жас журналистер клубыжұмыс істейді. Олар дөңгелек үстелдер, түрлі басқосулар өткізуді дәстүрге айналдырған.Сондай-ақ мұнда брифингтер, шағын кеңестер өткізетін орындар бар. Замануи талапқа сай интернет желісі және компьютерлермен жабдықталған орталық арқылы түрік, әзірбайжан орыс, өзбек, қырғыз тілдерінде ақпарат таратылатын болса, алдағы уақытта ағылшын тілінде де тарату жолға қойылмақ. Бастысы шаһарға келген отандық және шетелдік туристер ақпарат таратуда орталықтағы құрал-жабдықтарды ақысыз негізде қолдануларына жағдай жасалған.

Жиын соңындабасқосудың негізгі бөлігіне сайТатарстан, Қырғызстан, Түркия және Әзірбайжан елдерінің жетекші ақпараттық агенттіктері мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы меморандумға қол қою рәсіміөтті. Меморандумға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев, түркиялық TRT телекомпаниясының Қазақстандағы Өкілдігініңдиректоры АбдулхамитАвшар, әзірбайжандық ITV телерадиокомпаниясының Қазақстандағы өкілі Физули Мажидли, «Кабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігінің IT департаментініңдиректоры Кулнур Джаныбаев,татарстандық «Татар-информ»Халықаралық ақпарат агенттігібас директорының орынбасары Рамис Латиповтар ие болды.