Түркістандағы ескек есу каналында халықаралық жарыстар өтеді

0
342

Азия кубогы мен «Элит» категориясы бойынша Қазақстан кубогының финалын өткізу жоспарланған.


Түркістандағы ескек есу каналында халықаралық жарыстар өтеді

Биыл Түркістандағы ескек есу каналында халықаралық жарыстар өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы ескек есу арнасында су спортына қажетті инфрақұрылымды құру үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, каналда бас төреші мұнарасы салынып, көрермен трибунасының жақтау бөлігін монолиттеу жұмыстары жүрді. Одан бөлек, қайық алаңдарының іргетасы құйылған.


Айта кетерлігі, биыл ескек есу арнасы іске қосылады деп жоспарлануда. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 16-19 қыркүйек күндері параканоэдан Қазақстанның ашық кубогы өткізілмек. Жарысқа шет мемлекеттерден келген пара-спортшылар қатысады. Сонымен қатар, 5-6 қазан аралығында ескек есу арнасында стандартты қашықтықта триатлоннан Азия кубогы мен «Элит» категориясы бойынша Қазақстан кубогының финалын өткізу жоспарланған.