Түркістандағы "Халықтық кеңселердің" саны көбейеді

0
804

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы көлік қарастырылады.


Түркістандағы

Түркістан қаласының шеткі аумақтарында тағы да Халықтық кеңселер ашылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында 16 маусымнан бастап саябақтардың жарығы сөніп, субұрқақтар жұмысы тоқтады. Сондай-ақ, пневмония ауруымен ауырғандар үшін Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша орын дайындау жұмыстары атқарылып жатыр. Одан өзге, мемлекеттік қызмет алуды оңтайландыру үшін жаңа тұрғын үй аумағында және қаланың шеткі аумақтарында тағы да Халықтық кеңселер ашылады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы көлік қарастырылады.

Жалпы, Халықтық кеңсе әкімдікке қарасты бөлімдерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауда. Ал, дайын болған қаулы, хаттама, арыз-шағым және өтініш құжаттар таратылып жатыр. Мәселен, Адами капиталды дамыту бөліміне қарасты мектептер мен балабақшаларда барлығы 51 өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бар. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау саласы, әкімдіктің дербес бөлімдері де (Жер қатынастары, Тұрғын үй, Сәулет және қала құрылысы, Жұмыспен қамту) интернет желілерімен қамтылған. Бұл туралы Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте мәлім болды.

Сондай-ақ, Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушыға: «Заңсыз үй алған азаматтар болса анықтап, шара қолдану сіздің міндетіңіз», - деген Рашид Абатұлы «Отырар» ықшамауданындағы үйлер ауласының жарығына, қураған шөптеріне, кіреберісінің тазалығына сын айтып, басқарушы компаниялар және тұрғындарға жұма күні жоба ұсынуын тапсырды. Ал, сенбі күні тұрғын үйлерді аралап, мәселелерді назарға алатынын айтты.