Түркістандық баскетболшылар жеңімпаздар қатарынан көрінді

0
509

Облыс қоржынына қомақты ұпай салып, сенімді ақтай білді.


Түркістандық баскетболшылар жеңімпаздар қатарынан көрінді

Түркістан облысының баскетболшы арулары сенімді ақтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Щучинск қаласында баскетболдан Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасының әйелдер командалары арасындағы додасы аяқталды. Жарысқа Қазақстанның бірнеше аймағынан командалар қатысты.


Турнир қорытындысында Астана командасы 1-орынға ие болса, 2-орынды Түркістан облысының командасы жеңіп алды. Үздік үштікті Павлодар облысының қыздары түйіндеді. Осылайша, Түркістан облысының баскетболшы қыздары облыс қоржынына қомақты ұпай салып, сенімді ақтай білді.