Түркістандық боксшылар ел чемпионатында 6 медаль олжалады

0
469

Командалық есепте 2-ші орын иеленді.


Түркістандық боксшылар ел чемпионатында 6 медаль олжалады

Түркістанның қыздары бокстан жасөспірім арасында өткен ел чемпионатында 6 медаль олжалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қостанай қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Түркістан облысының талантты боксшы қыздары 2 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алды. Шаршы алаңда жеңіске жеткен түркістандықтар командалық есепте 2-ші орын иеленді.


33 келіде Үкілімай Мусалим мен 35 келі салмақта Аружан Тіллабай чемпион атанды. Ал 37 келідегі Шұғыла Жарас пен 40 келіде сынға түскен Қазына Берікбай күміс жүлдеге ие болды. Шаршы алаңда облыс намысын қорғаған 37 келідегі жас боксшы Айгерім Бегалиева мен 43 келі салмақтағы Арина Оразымбетова қола жүлдені иеленді.