Түркістандық дәрігерлер науқастан 9 келі ісікті алып тастады

0
488

Операция шамамен төрт сағатқа созылды.


Түркістандық дәрігерлер науқастан 9 келі ісікті алып тастады

Түркістан облысында науқастан 9 келі ісікті алып тастау бойынша ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде елімізде денсаулық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Осыған орай, ауыл-аймақтарда медициналық нысандар салынып жатса, кей жерлерде тың тәжірибелер іске асырылып келеді. Соның ішінде, Түркістан облысында көптеген ота түрлері қолданысқа енгізіліп, тұрғындар игілігі үшін қызмет етуде.


Осы орайда, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында онкохирург дәрігерлері 1991 жылғы науқасқа салмағы 9 келі ісікті алып тастау бойынша ота жасады.


Ісікті оң бүйрекпен бірге алып тастау операциясы шамамен төрт сағатқа созылды. Отадан кейінгі материалды гистологиялық тексеру ісіктің қатерсіз сипатын көрсетті.


Онкохирург Е.Ақбердиевтің айтуынша, операция сәтті өтті, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.