Түркістандық имамдар медициналық жабдықтар тарту етті

0
822

Медициналық жабдықтар Сайрам аудандық ауруханасы мен емханасына табысталды.


Түркістандық имамдар медициналық жабдықтар тарту етті

Сайрамдық имамдар 3,5 млн теңгеге медициналық жабдықтар тарту етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданындағы мешіт имамдары елдегі игі бастаманы жалғастырып, құны 3,5 млн теңгені құрайтын медициналық жабдық алуға демеушілік танытты. Сауапты іске ауданның имамдары, мешіт жамағаты және сайрамдық еріктілер үлес қосты.

Атап айтсақ, олар 10 дана пульсоксиметр, 10 "Бобров" оттегі концентратын және 10 редуктор алып берген. Медициналық жабдықтар Сайрам аудандық ауруханасы мен емханасына табысталды. Қазір аудан ауруханаларында 41 адам covid-19 індетімен, тағы 394 науқас өкпенің қабынуына қарсы ем алып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркістан облысындағы жпидемиологиялық жағдай тұрақталып, індеттің анықталу деңгейі едәуір төмендеген. Бүгінгі таңда облыс бойынша 2116адам коронавирустық инфекциядан жазылып шыққан. Инфекциялық стационарларда 124 науқас емделіп жатыр. Сонымен қатар, симптомдары жоқ569тасымалдаушылар амбулаториялық ем қабылдау үстінде. Осыған орай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев лездемелік жиында карантин талаптарының орындалуын қадағалауды одан сайын жандандырып, барлық сақтық шараларын сақтауға шақырды.