Түркістандық каратэшілер Мароккода қос жүлде еншіледі

0
370

Түркістан облысының споршылары ел мерейін үстем етті.


Түркістандық каратэшілер Мароккода қос жүлде еншіледі

Морокконың Рабат қаласында каратэ спортынан WKF «Karate-1 Premier league» рейтингтік халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Морокконың Рабат қаласында каратэ спортынан WKF «Karate-1 Premier league» рейтингтік халықаралық турнирі өткен болатын.


Тартысты додада Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының споршылары ел мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көрінді.


Аталған турнирде түркістандық спортшылар - Әсел Қанай күміс жүлдеге ие болса, Абылай Төлтай қола жүлдені иемденді.


Осы ретте спортшыларды жан-жақты дайындап, шеберліктерін шыңдаған каратэден Түркістан облысының аға бапкері Боран Төлеевтің еңбегі орасан зор екенін айта кетейік.