Түркістандық қару, оқ-дәрі жасаушылар тұтқындалды

0
3 163

Полицейлер жедел іздестіру шарасы барысында екі тұрғынды құрықтады.


Түркістандық қару, оқ-дәрі жасаушылар тұтқындалды

Түркістан облысының полицейлері қару және оқ-дәрі жасағандарды тұтқындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданының полиция бөліміне атыс қаруы мен оқ-дәрі жасаумен айналысатын әлдекімдер бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға полиция қызметкерлері бірден барып, жедел іздестіру шарасы барысында Төлеби ауданының екі тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған бір күдіктінің үйін тінту барысында тапаншаға ұқсас қолдан жасалған екі қару және шамамен 70-тей оқ табылып, тәркіленді.

Болған оқиға ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және «Қаруды заңсыз жасау» 288-бабымен СДТБТ тіркелді. Күдіктілер қамауға алынвп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда күдіктілердің атысқаруын заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаттары анықталуда. Полицейлер күдіктілердің дайындалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

дереккөз: Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі