Түркістандық көпбалалы ана шеберхана ашты

0
390

Қайтарымсыз грант алған.


Түркістандық көпбалалы ана шеберхана ашты

Түркістандық көпбалалы ана қайтарымсыз грант алып, шеберханасын ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандық Ажар Бимурзаева 5 баланың анасы, ұлттық өнерді насихаттаумен қатар, кәсіпке айналдырып отырған шебер.


Жастайынан тігін өнеріне қызыққан жан бүгінде нәзік жандылардың көңілінен шығатын түрлі сөмкелер мен қыз жасауларын, сондай-ақ балаларға арналған жұмсақ ойыншықтарды да дайындайды.


Көпбалалы ана сүйікті ісін кәсіпке айналдыру үшін қайтарымсыз грант конкурсына қатысып, бүгінде өз шеберханасын ашқан. Өзі сияқты тігін ісіне құмар жандарды баулып, жұмыспен қамтып отыр.


«Бала кезімнен қуыршақтарға киім тігуге қызығатынмын, кейіннен өзіме керекті сөмке, сырт киімдерімді қолдан дайындай бастадым. Тіккен киімдерім ортама ұнап, шабыт ала бастадым. Сосын сүйікті ісімді хобби ретінде ғана емес, кәсібіме айналдырғым келді. Ендігіде шағын шеберханамды үлкейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап жүрмін», – дейді тігінші.