Түркістандық қызметкерлер Қытай инвесторларымен меморандум жасады

0
763

Меморандумға сәйкес, қол қойылған өңірлер әкімдері екіжақты мәселелер бойынша тұрақты байланыс орнатып, кәсіпорындар ашу бағытында жұмыс жүргізеді.


Түркістандық қызметкерлер Қытай инвесторларымен меморандум жасады

Түркістан облысының делегациясы Қытай инвесторларымен меморандумдар жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы және ҚХР Шаньнуднг өлексі арасындағы ынтымақтастық, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығы байланыстарын арттыру бойынша меморандумдарға қол жеткізілді.


Түркістан облысынан барған делегация кезекті іссапарын ҚХР Шаньдун өлкесінің ірі өнеркәсіптік қаласы Ляочен қаласында жалғастырды. Ляочен қаласында Ляочен және Линьцин қала әкімшілігі басшылары және өндірістік кәсіпорындарының қатысуымен үлкен кездесу өткізілді. Кездесуде Түркістан облысының экономикалық жағдайы және инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде презентация жасалды. Ляочен және Линьцин қалаларының өкілдері де өздерінің экономикалық әлеуеттерін таныстырып, Қазақстан Республикасымен сауда-экономикалық мүмкіндіктерін ортаға салды.


Кездесу қорытындысымен, Түркістан облысының Сайрам, Сауран, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандары, Кентау қаласы әкімдіктері және ҚХР Ляочен және Линьцин қалалары арасында ынтымақтастық, экономикалық, сауда, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалардағы қарым қатынасты нығайту жөнінде арнайы маңызды меморандумдарға қол қойылды. Сонымен бірге «Turkistan invest» ЖШС де Қытай компанияларының бірімен меморандум жасай білді.


Меморандумға сәйкес, қол қойылған өңірлер әкімдері екіжақты мәселелер бойынша тұрақты байланыс орнатып, кәсіпорындар ашу бағытында жұмыс жүргізеді.