Түркістандық шаруалар ірі қара мал санын көбейтіп жатыр

0
1 075

«Сыбаға» бағдарламасын орындау жоспардан асып түсікен.


Түркістандық шаруалар ірі қара мал санын көбейтіп жатыр

Түлкібастық шаруалар «Cыбаға» бағдарламасы арқылы ірі қара мал басын көбейтуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет — еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту», - делінген болатын.

Осыған орай, елімізде ет шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы түлкібастық шаруалар жеңілдетілген несиелер алып, өз кәсібін дамытып жатыр.

Солардың бірі, Түлкібас ауданынына қарасты Машат ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Е.Төлепбеков. 2020 жылы аталмыш бағдарлама аясында жеңілдетілгеннесие алу арқылы 75 бас аналық сиыр сатып алып, бүгінгі таңда ет бағытындағы ірі қара мал басын көбейту үстінде.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы «Сыбаға» бағдарламасын орындау мақсатында Түлкібас ауданына облыстық тиісті басқарма тарапынан межеленген жоспар 265 бас ет бағытындағы ірі қара мал болса, 7 айлықтың қорытындысымен жоспар 112,8 пайызға орындалып, 299 басты құрап отыр.