Түркістандық спортшылар әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

0
579

Бекзат Жасия қарсылас шыдатпай, әлем чемпионы атанды.


Түркістандық спортшылар әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

Түркістан өрендері әлем чемпионатынан олжалы оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


БАӘ мемлекетінің Абу-Даби қаласында жастар мен ерсектер арасында аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 60-қа жуық мемлекетінің ең мықты спортшылары қатысты. Әлем чемпионатында Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 4 спортшы сынға түскен. Нәтижесінде олар 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Атап айтсақ, 47,6 келі салмақ дәрежесінде Айгерім Манақова күміске иелік етсе, 52,2 келіде сынға түскен Алтынай Мергенбай қола жүлдені еншіледі.


Айта кетейік, дүбірлі додада Қазақстанның намысын қорғаған Бекзат Жасия қарсылас шыдатпай, әлем чемпионы атанды. Бекзат — Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылының тумасы. Бүгінде Шымкентте шеберлігін шыңдап, күллі елдің абыройын көтеріп жүр. Абу-Даби төріндегі долада отандасымыз 65,8 келі салмақ дәрежесінде финалда испаниялық Хуан Искьердоны жеңді.