Түркістандық спортшылар Еуропа чемпионатында топ жарды

0
540

Абылай Алишев «клосс контакт» әдісінде күміс жүлдеге ие болса, «фулл контакт»-та бас жүлдеге ие болды.


Түркістандық спортшылар Еуропа чемпионатында топ жарды

Словакияның Гумане қаласында джиу-джитсу комбаттан Еуропа чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әлемдік додада Түркістан облысының спортшысы Серік Мақұл 63 келіде бақ сынап топ жарды. Жерлесіміз жарыс барысында «граунд файт» бойынша алтын медаль иеленсе, «фулл контакт» әдісінде күміс жүлдегер атанды.


Ал, 70 келіде атой салған жерлесіміз Досбол Ережеп те жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтижесінде түркістандық спортшы «клосс контакт» әдісі бойынша күміс жүлдеге қол жеткізсе, «фулл контакт» әдісінде алтын медальға қол жеткізді.


Сондай-ақ 16-17 жас аралығындағы бәсекеде 70 келіде бақ сынаған Абылай Алишев «клосс контакт» әдісінде күміс жүлдеге ие болса, «фулл контакт»-та бас жүлдеге ие болды.