Түркістандық тұрғын кондитерлік дүкен ашты

0
902

Кәсібін 505 000 теңгелік грант алып, үй іргесінен шағын кондитерлік өнім пісіруден бастаған.


Түркістандық тұрғын кондитерлік дүкен ашты

Ордабасы ауданының тұрғыны 4 пайызбен несие алып, «Altynai» кодитерлік орталығын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Темірлан ауылының Черемушка мөлтек ауданында тәттілердің түр-түрін пісіретін кондитерлік дүкен ашылды. Ауыл тұрғыны Алтынай Құлаева биыл «Кәсіпкерлерді қолдау көрсету орталығы» арқылы көпбалалы ана ретінде жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен 3 млн 900 мың теңге қаржы алып, «Altynai» кодитерлік орталығының жұмысын бастаған. Қазіргі таңда аталған сауда орнында 4 азамат жұмыс істеуде.


Айта кетерлігі, Алтынай Башарқызы алғаш кәсібін 2019 жылы "Атамекен" кәсіпкерлік палатасынан "Еңбек" бағдарламасымен "Бастау Бизнес" жобасы арқылы қайтарымсыз 200 МРП яғни 505 000 теңгелік грант алып, үй іргесінен шағын кондитерлік өнім пісіруден бастаған.