Түркістандық тұрғындар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

0
569

Түлкібас ауданы бойынша 380 адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған.


Түркістандық тұрғындар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Түлкібаста саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 1937-1938 жылдары «Халық жауы» деген орынсыз тағылған айыптан қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтарды еске алуға арналған іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысып, ел тарихы үшін бұл шараның бар маңыздылығын атап өтті.


Деректерге сүйенсек, Түлкібас ауданы бойынша 380 адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Жазықсыз жапа шеккендер 1993 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы Заңы аясында ақталған.


Іс-шара соңында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға» арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, сол бір қиын-қыстау заманда қаза тапқан ата-бабалардың құрметіне 1 минуттық үнсіздік жарияланып, рухтарына құран бағышталды.