Түркістандық тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды

0
535

Жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды.


Түркістандық тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды

Сарыағаш ауданында «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары тарапынан "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз азаматтарға, алимент төлеуші борышкерлерге арналған білім саласында және оқу орындарында өткізілетін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.


Жәрмеңкеге 40-тан астам ауданның жұмыссыз жүрген тұрғындары және алимент төлеуші борышкер азаматтар қатысты. Жәрмеңке барысында аудан тұрғындарына 49 жұмыс берушілер тарапынан 57 тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде алимент төлеуші 1 азамат халық санағына бақылаушы бос жұмыс орнына ниет білдірсе, ал 20 жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды.