Түркістандықтар Азия чемпионатынан 4 медаль олжалады

0
1 015

Азияның 17 мемлекетінен 286 спортшы қатысты.


Түркістандықтар Азия чемпионатынан 4 медаль олжалады

Түркістан облысының спортшылары Азия чемпионатынан 4 медаль олжалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тайландтың Паттайя қаласында академиялық есуден U19, U23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Айтулы сынға Азияның 17 мемлекетінен 286 спортшы қатысты. Олар 18 бағдарлама бойынша жүлделерді сарапқа салды.


Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің спортшылары ұлттық құрама сапында 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Әділет Керімбек пен Қуаныш Бекбембетов В2Х LM сайысында күміс жүлде еншілесе, B4X LM төрттік бағдарламасында да сол нәтижені қайталады.


Түркістандық тағы бір спортшы Роза Кеңес В1Х LW жекелей сайысында қола жүлде жеңіп алды. Ал Мелани Жакупова мен Анжела Поляна жұптық сында В2X W бағдарламасы бойынша ел қоржынына қола жүлде салды. Бұл жүлдегерлер — Денис Жарменов басқаратын Түркістан облыстық су спорты түрлері мектебінің өрендері.