Түркістанға кіре-берісте жаңа монумент салынып жатыр

0
2 804

Қала әкімі Наурыз мейрамы қарсаңында аталған құрылысты аяқтап, жұмысты ширатуды тапсырды.


Түркістанға кіре-берісте жаңа монумент салынып жатыр

Рашид Абатұлы Түркістан қаласына Шымкент шаhарынан кіре-беріс аумақта салынып жатқан монумент құрылысының жобасын көрді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шығыстық үлгідегі сәулеттік өнер туындысы Қ. А. Ясауи кесенесі және Әмір Темір кезеңіндегі сәулеттік үлгідегі ою-өрнекпен бейнеленеді. Мұнда қалаға келушілер үшін арнайы фото-зона да жасалып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазірде "Түркістан автовокзалы" аумағындағы орынды абаттандыруға даярлау жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Наурыз мейрамы қарсаңында аталған құрылысты аяқтап, жұмысты ширатуды тапсырды.

Одан өзге, Рашид Абатұлы қаладағы біршама мектептерде баланы әлеуметтік ортаға қосу кабинеттерін аралады. Онда логопед, психолог, педагог-ассистенттер жұмыс жасап жатыр және бір мектепте 8-10 баладан білім алуда. Қала әкімі бала өмірін, әсіресе болашақта олардың мықты маман болып қалыптасуында ықпал ететін білім ошақтарының маңызы зор екенін айта келіп, мұғалімдердің қызметіне алғыс айтты.

Майкотов көшесінен "Түркістан Халықаралық әуежайы" аумағына дейін тасжол салынып, көше пайда болады. Шаhар басшысы аталған жұмыстарды белгіленген уақытта және жобаға сай жасауды тапсырды. Қаланы аралау барысында "Керуен сарай" кешені мен Шәуілдір тасжолы аумағында орнатылған Этноауылды көріп, жауапты бөлімдерге инженерлік желілерін ширату және ретке келтіру бойынша тапсырма берді.