Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей әуе рейсі ашылады

0
933

Рейстер аптасына 2 рет жиілікпен заманауи А-321 ұшақтарымен орындалатын болады.


Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей әуе рейсі ашылады

Биыл Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей әуе рейсін ашу жоспарланып отыр , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласынан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласына әуе рейсін ашу бойынша жиын өтті.


Оған Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, облыстық мәдениет және туризм басқармасының және Түркістан халықаралық әуежайы мен Еуропалық лоукостер (Венгрия) “Wizz Air”авиакомпаниясы өкілдері қатысты.


“Wizz Air” авиакомпаниясы «Түркістан – Абу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді 2023 жылдың қазан айынан бастауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет жиілікпен заманауи А-321 ұшақтарымен орындалатын болады.


Сондай-ақ, “Wizz Air”авиакомпаниясының өкілдеріне Түркістан қаласының туристік нысандарына тур ұйымдастырылып, Түркістан халықаралық әуежайы және ондағы арнайы техникалар таныстырылды. Өңірдің сауда-экономикалық қатынастарын нығайту және туризм саласын жан-жақты дамыту мақсатында облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдаулардың болатыны жеткізілді.