Түркістанның әкімі абаттандыру және жол салу жұмыстарын тексерді

0
437

Бір ай бұрын берілген кей тапсырмалар әлі күнге орындалмаған.


Түркістанның әкімі абаттандыру және жол салу жұмыстарын тексерді

Түркістан қаласының әкімі шаһардағы абаттандыру және жол салу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жауапты мамандармен бірге қаланы аралап, абаттандыру, көгалдандыру, жол төсеу мен қазылған жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.


Әсіресе, қала көркін ашатын негізгі орталық көшелердің бойында орналасқан ғимараттар мен тұрғын үй қасбеттерінің талапқа сай әрленуі жіті бақылауда.


Нұрбол Әбдісаттарұлы берілген тапсырмалардың атқарылуына қатысты бірқатар ескертпелер айтты.


«Нақты нәтиже керек. Бір ай бұрын берілген кей тапсырмалар әлі күнге орындалмай отыр. Неге? Жайбасарлық күнді өткізер, бірақ абырой әпермейді. Бір аптада өздеріңізге белгіленген аумақта өзгеріс болмаса, өкпелемеңіздер, шара көрілетінін ескертемін», - деген әкім сынды түзетуге мерзім белгіледі.