​Түркістанның әкімі қала тұрғындарымен бірге Елбасы жайлы фильмді тамашалады

0
1 087

Астанада ертегідей көрінген өзгерістердің жүзеге асқанын айтқан қала басшысы қазіргі таңда жаңа облыс орталығы атанған киелі өңірде дәл сондай көріністер орын алып жатқанын атап өтті.


​Түркістанның әкімі қала тұрғындарымен бірге Елбасы жайлы фильмді тамашалады

Түркістандағы мәдениет үйінде «Елбасы жолы. Астана» (Путь Лидера. Астана) атты фильмі қала тұрғындарының назарына ұсынылды, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Ақан Сатаевтың режиссерлығымен түсірілген фильмді тамашаламас бұрын қала басшысы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, айтулы күннің маңыздылығын атап өтті.

«Тәуелсіздік мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Еңселі еліміздің егемендігі баянды болғай. Президентіміз оңтүстік астанамыз Алматы қаласынанарқа төріндегі Ақмоланы ел ордасы етутуралы тарихи шешім қабылдаған болатын. 20жылдың ішінде ажарлы Астанамыз татулық пен бейбітшіліктің, тұрақтылықтың қаласына айналды. Әлем мойындаған сән-салтанаты келіскенбас қаламыз армандар орындалатындығының айқын дәлелі», - деді Әліпбек Шәріпбекұлы.

Көрсетілім аяқталғанда Астанада ертегідей көрінген өзгерістердің жүзеге асқанын айтқан қала басшысықазіргі таңда жаңа облыс орталығы атанған киелі өңірде дәл сондай көріністер орын алып жатқанын назардан тыс қалдырмады. Сондықтан,қаланың гүлденуіне үлес қосуға шақырды.