Түркістанның әкімі мектеп оқушысына галстугын сыйлады (видео)

0
2 055

Ол "Толағай" отбасылық сайысының ең кіші қатысушысы.


Түркістанның әкімі мектеп оқушысына галстугын сыйлады (видео)

Мектеп оқушылары арасында спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу мақсатында Түркістан қаласы әкімінің кубогы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш шара "Адами капиталды дамыту бөліміне" қарасты А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінде "Толағай" отбасылық сайысы, тоғызқұмалақ, шахмат, кіші футбол мен үстел теннисі сынды ойын түрлерінен ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша: "Толағай отбасылық сайысында" Жантаевтар отбасы үздік атанса, тоғызқұмалақтан I орынды Қоқыш Бекжігіт, шахматтан I орынды Асылхан Асия алды. Ал, қалған кіші футбол мен үстел теннисі жарыстарында М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының құрамасы және оқушысы Бакаев Фахриддин жеңіске жетті.

Жарыс соңында шаһар басшысы жарысқа қатысушыларды марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады. Сонымен қоса, Рашид Абатұлы сайыстың ең жас қатысушысына ел ертеңіне еңбек етер тұлға болсын деген мақсатпен өз галустыгын сыйға тартты.