Түркістанның көркеюіне аудандар үлес қосып жатыр

0
668

Ө.Шөкеев шаһарды 32 секторға бөлген.


Түркістанның көркеюіне аудандар үлес қосып жатыр

Түркістанда бірнеше нысан пайдалануға берілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы облыс орталығы болғанына байланысты өңір басшысы Ө.Шөкеев Арыс қаласындағы тәжірибеге сүйене отырып, шаһарды 32 секторға бөлген болатын. Ол секторлар қала әкімдігіне, облыс басқармалары мен аудандарына қарасты. Біршама уақыт ішінде әрбір аумақта түрлі жұмыстар атқарылып, ойын алаңдары, аяқжолдар, аялдамалар және басқа бірқатар жұмыстары аяқталып, ел игілігіне беріліп те жатыр.

Соның бірі, Сайрам ауданына бекітілген 2-сектор. Атап айтқанда, Ж.Майкотов көшесіндегі N22 мектептің алдына спорт алашасы салынып, стрит-воркаут, 5 дана орындық, қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылды. Аталған аумақта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үлгі ретінде бекітілген Ортақ (Талас) 4 көшесінің бойындағы 760 метр жол жиегі қоршалып, 10 орындық, қоқыс тастайтын жәшіктер қойылды.

Осы жұмыс барысында орталықтандырылған 3800 метр су жүйесі іске косылып, жергілікті тұрғындар игілігіне берілді. Көше бойына 234 дана шырша ағашы егілді және бүгінде көгалдандыру үшін себілген газон дәнін су сеуіп, күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.