ТЖ мамандары студенттерге қауіпсіздік дәрістерін өткізді

0
1 368

Жылыту құралдарын және басқа да тұрмыстық техниканы мұқият пайдалану ережелері түсіндірілді.


ТЖ мамандары студенттерге қауіпсіздік дәрістерін өткізді

Түркістан облысы, Жетісай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Д. Жамединовтың басшылығымен Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің студенттеріне түсіңдірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сылтеме жасап.

Өткізілген іс-шараға Түркістан облысы Жетісай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бас маманы азаматтық қорғау капитаны А. Шаденов, бөлімнің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Б. Тыныштыкбаев, Сырдария университетінің гуманитарлық білім факультетінің деканы Н. Бейсенбайұлы және дене тәрбиесі және спорт факультетінің деканы Е. Қылышев қатысты.

Іс-шара барысында бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Д. Жамединов студенттерге ең алдымен Жетісай ауданында жылыту маусымы басталғаннан бері пеш құрылғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан улы газбен улану жағдайлары жиі орын алып жатқандығы айтылды. Газды, жылыту құралдарын және басқада тұрмыстық техниканы мұқият пайдалану өрттің алдын алу үшін қажетті шаралар болатындығы туралы да айтып өтті.

Ал бөлімнің бас маманы азаматтық қорғау капитаны А. Шаденов тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылу беру маусымындағы сақтық шараларымен таныстырды.

Мамандар студенттерге «Газбен уланудың алдын алу» және «Тұрғын үйлердегі жылыту пештерін дұрыс пайдалану», «Жылыту құрылғыларының құрылыс нормалары мен ережелерінің сәйкестігіне назар аудару» тақырыптарында дәріс оқыды. Сонымен қатар, улы газбен уланған жағдайда алғашқы медициналық көмек қалай көрсету керек екендігі туралы айтылды.

Іс-шара соңында үгіт-насихат тобы студенттерге арнайы дайындалған жадынамалар таратты.