Жаңа зауыттар салынып жатыр

0
2 050

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауында индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс деп атап өткен болатын. Соған сәйкес ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі басымдық индустриалды аймақтарды дамытуға беріліп, қосымша 20 кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдындағы есебінде баяндады.

Облысымыздағы 11 индустриалды аймақта іске қосылатын 20 жобаның жалпы құны 40 млрд. теңгені құрайды. Нәтижесінде 1500-ден астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Биыл іске қосылатын ірі кәсіпорындардың бірі – «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю өндірісі. Жоба құны 4 млрд. 290 млн теңгені құрайтын зауыт жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Зауыт толық іске қосылған жағдайда 349 адам жұмыспен қамтылады. Аталған кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс басшысы зауытқа мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетіндігін де айтқан болатын.

Биыл сондай-ақ, жалпы құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын металлургия зауытының құрылысы жүргізілуде. 100 адамды жұмыспен қамтитын «Амир-А» ЖШС-гі жылына 150 мың тонна металл өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде екі зауытта да құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүруде.

Айта кетейік, былтырғы жылы облысымызда Индустрияландыру картасы аясында 36,4 млрд. теңгеге 1000-ға жуық жұмыс орнын құрайтын 18 жоба іске қосылған.

дереккөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі