«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы комиссия отырысы өтті

0
2 396

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы түрлі өзекті мәселелер талқыланып, құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде қатысушылардың пікірі тыңдалды.


«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы комиссия отырысы өтті

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы аудандық комиссиясының отырысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы түрлі өзекті мәселелер талқыланып, құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде қатысушылардың пікірі тыңдалды.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында талқыланған басты тақырыптар баяндалды.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе - «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы А.Үйсімбаевтың және Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ, Қ.Сәтбаев мектеп лицейінде сонымен қатар, «Абай» - (Жігерген а/о)» жалпы орта мектептерінде орын алған өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары туралы аталған мектеп директорларының есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, екінші мәселе бойынша Қарабау ауыл округінің әкімі А.Төлешов «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы баяндама жасады.